Жол жұмысшысы

3W07320701
21287 қаралым

Сипаттама

Жол жұмысшысы асфальтбетон жабындарын жөндеумен, бордюрлерді, жол белгілерін орнатумен, қоршаулар мен жол жиектерін жайластырумен айналысатын маман.

Әлемде көптеген пайдалы да қызықты мамандықтар бар, солардың бірі - жол жұмысшысы. Жұмысы автомобиль жолдары мен аэродромдар салумен, оларға қызмет көрсетумен байланысты адам. Жол жұмысшысы барынша зейінділік пен барлық технологиялық процестерді білуді талап ететін жауапты мамандық. Оның құзыретіне жолдарды жайластыру бойынша жұмыстардың барлық спектрі кіреді. Жол жұмысшылары бригада құрамында еңбек етеді.

Жол жұмысшылары жолды салу және жөндеу кезінде қандай құрылыс материалдар қолданылатынын, қажетті құрылыс қоспаларын қалай дайындауға болатынын, мұз немесе қар көшкіні кезінде не істеу керек екендігін өте жақсы біледі. Олар жолдарды тазалаумен айналысады, оларға белгі салады, жол белгілерін, сигнал бағаналары мен қоршауларды орнатады, жол бойындағы бұталарды кесіп, жол жиегіндегі шөптерді қияды. Бұл мамандар өз жұмысында арнайы машиналарды, техникалық жабдықтарды, түрлі құралдарды пайдаланады.

Мамандықты ойдағыдай меңгеру үшін химия мен физика бойынша базалық білім қажет. Еңбекақы жұмыс орнына, біліктілік деңгейіне және тәжірибесіне байланысты.

Жоғары деңгейдегі маман болу үшін минималды тәжірибе - 2-3 жыл.

Бұл мамандықтың артықшылығы біліктілік деңгейінің арту мүмкіндігінде, сәйкесінше мансаптық өсу перспективасының болуында. Санаты неғұрлым жоғары болса, соғұрлым көп жұмыс істеуге рұқсат беріледі, сәйкесінше еңбекақы да соғұрлым жоғары болады.

Жемісті жұмыс істеу үшін шебер бойында бірқатар жеке қасиеттер болуы қажет: ұқыптылық, коммуникабелділік, қозғалыстың жақсы үйлесімі, байсалдылық, стресске төзімділік. Сонымен қатар мықты денсаулық пен дене төзімділігінің болуы да маңызды.

Бұл мамандықтың кемшілігі оның ауыр еңбек жағдайында. Жылдың кез-келген мерзімінде жұмыс істеу керек болғандықтан, бірнеше сағат ашық аспанда шыжыған күн сәулесі астында, түрлі жағдайларға бейімделіп, аязды және желді ауа-райында жұмыс істеуге дайын болуы керек.

Жас мамандардың жұмыскер өз міндеттерін орындауға жауапкершілікпен және мұқияттылықпен қарап, әріптестерімен қарым-қатынаста ашық және коммуникабелді болуы керек екендігін білгені жөн. Кішігірім технологиялық есептеулердегі қателік дайын объектінің мерзімнен бұрын бұзылуына, мысалы, асфальттың отыруына әкеп соғуы мүмкін. Тек бригаданың әрбір мүшесінің детальдарға мұқият болуы жалпы алға қойылған міндеттерді сапалы орындауға мүмкіндік береді.

Қалай түсуге болады

Қабылдау емтиханы:
Емтихансыз. Әңгімелесу

100
Орындар саны
0
Қазіргі үміткерлер саны

Бейіндік пәндер

Қайда жұмыс істеуге болады

Осы бағыттағы түлектердің құрылыс компанияларына, коммуналдық қызметтерге, жол-көлік кәсіпорындарына, жол қызметтеріне, жеке ұйымдарға жұмысқа орналасу мүмкіндіктері зор.

Бізді қалай таба аласыз

87052217372
zhkbitz@mail.ru
г.Жезказган ул. Гоголя 5
https://btcj.mycollege.kz/