Көлікті жөндеу шебері - бұл автомобильдерді жөндеумен және оған техникалық қызмет көрсетумен айналысатын маман. Көлік жөндеу шеберлері регламенттер мен технологиялық құжаттамаға сәйкес заманауи автомобильдерді диагностикалауды, оған қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстарын жүргізеді.
Осы маманның міндеттеріне мыналар кіруі мүмкін:
Тәжірибесі аз маманның орташа жалақысы 100-150 мың теңге аралығында.
Осы біліктілік бойынша ойдағыдай білім алу және одан әрі жемісті жұмыс істеу үшін студенттің физика, математика, сызу саласында білімі болуы тиіс. Жоғары білікті маман болу үшін минималды тәжірибе – 2-3 жыл.
Кәсіби маңызды қасиеттеріне мыналар жатады: дене төзімділігі мен күш, көзінің жақсы көруі, ширақтық, қол мен саусақтар қимылының дәлдігі мен оларды үйлестіре алу, бұлшықет пен есту сезімталдығының өткірлігі, техникалық интеллект, зейіннің жоғары деңгейі мен оны бөлу, байқампаздық, шыдамдылық, тәртіптілік, жауапкершілік, апаттық дабылдарға тез жауап беру.
Бұл мамандықтың артықшылығы оның сұранысқа ие, қызықты, мәртебелі болуында, ақысы жақсы төленетіндігінде. Ірі автотехникалық орталықтар мен автосервистерде қолайлы еңбек жағдайлары болуы мүмкін. Сондай-ақ жылдам мансаптық өсу мүмкіндігі бар.
Кемшілігі жоғары жауапкершілік болып табылады. Жас маман клиенттермен жұмыс істеуде тәжірибесінің болмауы, шешуді талап ететін даулы мәселелер сияқты қиындықтарға тап болуы мүмкін. Жөндеу жұмыстарын жүргізгеннен кейін клиентті мүмкін техникалық ақаулар мен оның алдын-алу әдістері туралы хабардар еткен жөн.
Бұл біліктілік танымал және сұранысқа ие. Кез-келген кәсіби міндеттерді шешуде оңтайлы шешім таба алатын физикалық тұрғыда мықты, табанды, мақсатты адамдарға келеді. Түлектер ірі автотехникалық орталықтарға, техникалық қызмет көрсету станцияларына, ірі және ұсақ автосервистерге, автобазаларға, гараж шеберханаларына жұмысқа орналаса алады.